Атырауға қатынайтын жолаушылар пойыздарының кестесі өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласына қатынайтын жолаушылар пойыздары тоққатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап.

2020 жылдың 30 наурызынан бастап Атырау станциясында жолаушыларды отырғызу және түсіруге, аталған станцияға дейін және кейін жол жүру билеттерін сатуға тыйым салынды.

29 наурыздан бастап №692/691 Ақтөбе-Атырау пойыздарының бағыты Доссор станциясына дейін қысқарады.

30 наурыздан бастап №41/42 «Атырау-Шу және №313/314 «Атырау-Маңғыстау» бағыттарындағы, ал 1 асәуірден бастап №47/48 «Атырау-Бурабай шипажайы» бағытындағы жолаушылар пойыздары тоқтайды.

Атырау станциясына дейін және кейін билет алып қойған жолаушылар билеттерін қайтарып, билет сатып алған ақшасын толық қайтарып ала алады.

Еске сала кетсек, Атырау қаласы карантинге жабылатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар