Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7,5 мың дозасы жеткізілді
2021 жылғы 12 мамыр 11:55

Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7,5 мың дозасы жеткізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша,

Hayat-Vax вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирус инфекциясына қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің Рас-әл-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Hayat Vax вакцинасын БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылы 9 желтоқсанында тіркеді, содан кейін Қытайда 2020 жылы 30 желтоқсанда тіркелді. Аталмыш вакцина Қытайда және БАӘ-де өндіруге мақұлданды.

«Бұл вакцинаны 11 мамырда өңірдің бір тұрғыны салдырды. Жақында Hayat-Vax вакцинасының 7 500 дозасы жеткізілді. Алғашқы 200 доза «Медикер Жайық» серіктестігіне жіберілді. Дозаның қалған бөлігі қоймада сақтаулы тұр. Оны вакциналау бекеттеріне бөліп береміз», - деді Асхан Байдуәлиев.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT