+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Атырауға демеушілердің қолдаумен дәрі-дәрмектер жеткізіледі

2020 жылғы 4 шілде 02:00
Бөлісіңіз:
Атырауға демеушілердің қолдаумен дәрі-дәрмектер жеткізіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауға алдағы бір-екі күнде өңірдің демеуші азаматтарының қолдаумен дәрі-дәрмектер жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әскери қызметшілер арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы 16% төмендеді Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысындағы эпидахуалға қатысты есеп берді Ерлан Тұрғымбаев мобильді топтары әлсіз жұмыс жүргізіп жатқан өңірлерді атады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, дәрігер-мамандардың жетіспеушілігін шешу үшін ішкі ресурстар пайдаланылады. Яғни, медицина факультетінің жоғары курс студенттерін де салаға тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аймақтағы дәріханаларға демеушілердің қолдаумен дәрі-дәрмектер жеткізілмек. Қазір қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға орай, облыстық аурухана жанынан 400 орындық инфекциондық стационар жасақталып жатыр.

«Атырауда 2 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 4747 жағдайы тіркеліп отыр. Теңіз кеніші әлі де қауіпті аймақ қатарында тұр. Науқастардың 1582-сі аталған кен орнының жұмысшылары болып отыр. Қазір аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққан 619 пациент ем қабылдап жатыр. Сонымен бірге, денсаулық сақтау орындары өкпені жасанды желдететін 115 аппаратпен қамтылды», деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін шешу жолдары қарастырылған. Нақтылай айтқанда, Атырау облысына бірер күнде демеушілердің қолдаумен дәрі-дәрмектер жеткізіледі. Сондай-ақ, Атырауда онлайн дәрігерлік кеңес беру қызметі ұйымдастырылып жатыр.

«Жақында облыс басшысының тапсырмасымен жедел жәрдем бекетіне түсетін сұраныстарды азайту үшін call-орталық ашылды. Онда күніне 150-160-қа дейін онлайн кеңестер беріліп жатыр» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Ол Атыраудағы дәрі жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Дәріханалардың барлығы жекеменшіктің иелігінде. Бұл саладағы ахуалға араласу біздің құзыретімізге кірмейді. Бірақ, облыс әкімінің тапсырмасымен демеушілік қолдау арқылы дәрі-дәрмек жеткізу ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «СК Фармация» арқылы облыстағы емдеу мекемелеріне дәрі-дәрмек жеткізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде» деді ол.

Қазір Атырау облыстық ауруханасында 400 орынға инфекциондық стационар жасақтауға орын дайындалуда. Аурухананың бас дәрігері Бауыржан Ахметқалиевтің айтуынша, бүгінде облыстық аурухананың инфекциондық стационарында 290 науқас ем қабылдап жатыр.

«Сондай-ақ, аурухана ауласына екі шатыр тігілді. Науқастар жаппай түсетін жағдай орын алса, оларды палаткаға орналастырамыз. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетілетін болады. Екінші палатка волонтерларға арналып отыр. Еріктілер ауруханадағы науқастардың денсаулығына шағымы, жағдайы бойынша ақпарат жинақтап, емдеуші дәрігерлерге шұғыл мәлімет жеткізіп отырады» дейді ол.

«Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек»- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады.

https://www.inform.kz/kz/atyrauda-kasipkerler-oblystyk-auruhanaga-2-zhasandy-tynys-beru-apparatyn-syylady_a3667754


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT