Атырауға бір күнде екі түрлі вакцинаның дозалары жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға бір күнде екі түрлі вакцинаның дозалары жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, бүгін, 18 тамызда ресейлік Спутник V және қытайлық Vero Cell вакцинасының кезекті партиясы жеткізілген.

«Жақын күндері Vero Cell вакцинасының екі компонентіне арналған 10 мың, Спутник V вакцинасының II компонентінің 10 мың дозасы егпе бекеттеріне таратылады. Қазір Sinopharm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының І компонентін Атырау қаласындағы №1,2,3,4,5,7 емханалары мен Геолог емханасында, сондай-ақ, өңірдегі 7 аудандағы орталық ауруханаларда да аталған вакцинаны салдыруға болады. Ал, Спутник V өңірдің барлық емханасында бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауға бір күнде екі түрлі вакцинаның дозалары жеткізілген болатын.



Соңғы жаңалықтар