Атырауға Астраханнан дәрігерлер көмекке келеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға келетін астрахандық дәрігерлер Ресей үкіметінің қаулысын күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті.

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен медицина қызметкерлерін шақыру туралы келісімге келген болатын. Астрахан дәрігерлерін жалақымен, жатын орынмен, тамақпен қамту, жүріп-тұру мәселелері толық шешілді. Оларды күтіп отырмыз», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуына қарағанда, астрахандық дәрігерлермен күнделікті келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар Атырауға келуге дайын.

Тек Ресей Федерациясы үкіметінің арнайы қаулысы шығуы керек.


Соңғы жаңалықтар