+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус табылмады

2020 жылғы 8 сәуір 08:54
Бөлісіңіз:
Атырауға Амстердамнан ұшып келген студенттерден коронавирус табылмады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Амстердамнан ұшып келген студенттерден алынған тест олардың коронавирус жұқтырмағанын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 сәуірде «Air Astana» әуе компаниясының арнайы рейсімен Амстердамнан Атырауға Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы Теңіз академиясының 24 кадеті мен екі оқытушы офицер ұшып келген. Бұған дейін олар Қазақстанға Франкфурттан карантинге байланысты рейстердің тоқтатылуы себебімен келе алмаған. Атырауда кадеттер екі күн карантин оқшаулағышында жатып, коронавирусқа тест тапсырды. Індет табылмаған соң, студенттер қаладағы қонақүйлердің біріне үй жағдайындағы карантинге ауыстырылды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау бөліміне сілтеме жасаған өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін ҚБТУ Қазақстандық теңіз академиясының 24 кадеті мен екі оқытушы офицер Атлант мұхитында тұрған кемеде 46 күн болғаны хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT