Атырауға Амстердамнан ұшып келген 18 студенттен коронавирус табылған жоқ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға Амстердамнан оралған 18 студенттен коронавиурс табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 24 наурыз кешкі сағат 20:30-да Атырау халықаралық әуежайына Амстердамнан бортында қазақстандық 18 студент бар ұшақ келіп қонды. Олар – еліміздің әр қаласында тұратын, Еуропада оқитын жастар.

«Олардың бәрі коронавирусқа қарсы жедел тестілеуден өтті. Содан соң арнайы дайындалған оқшаулау аймағындағы жатақханаға жайғасты. Бүгін Еуропадан оралған студенттерден алынған тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Демек, қазақстандық студенттерден коронавирус инфекциясы табылған жоқ» -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.

Студенттер бүгін кешке арнайы оқшаулау аймағынан шығарылады.


Соңғы жаңалықтар