Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Көрмеде атыраулықтар 2 ай бойы түрлі жәдігерлермен таныса алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін облыстық Шөмішбай Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
null 

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Президенті кеңсесінің басшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысты. 

Жиында сөз алған Маxмұд Қасымбеков Атырау жеріне Елбасының арнайы тапсырмасымен келгенін атап өтті.

«Қасиетті Атырау жеріне үлкен тариxи маңызы бар құнды жәдігерлерді алып келдік. Біз бүгін тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың көшпелі музейін таныстырғалы отырмыз. Көрмеде 1000-нан аса құнды жәдігерлер мен қолжазбалар, 50-ден аса мемлекет табыстаған марапаттар бар. Сонымен қатар, Елбасының тікелей нұсқаулығымен мұнайлы өлкеге 130 адамнан құралған президент оркестрімен бірге келіп отырмыз. Бұл - Елбасының Атырау жұртшылығына арнайы сыйы»,- деді ҚР Президенті кеңсесінің басшысы.

Көрменің негізгі мақсаты - кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрме төрт бөлімнен тұрады:

1. Елбасы жолы.
2. Елбасы феномені.
3. Әлем таныған Елбасы.
4. Елбасы мәртебесі ел мәртебесі.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, атыраулықтарды көрмені тамашалауға шақырды. 

«Тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев - егіз ұғым. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрып Елбасымыз жеке жауапкершілік алып, барлық қазақстандықтар қолдауымен әлемдік қауымдастықта өз орны бар мемлекетімізді құрған болатын. Осы кезеңдерде президентіміз өз көрегенділігімен талай сындарлы сағаттардан өтті. Бүгінгі бейбітшілігіміз - сол еңбектің жемісі. Көрме барысында Елбасы туралы бұрын-соңды беймәлім болған ақпараттарды алып, әлемдік саясаттағы тұлғалардың еліміз, көшбасшымыз туралы ой-пікірлерімен таныса аласыздар. Бүгінгі шара - тариxи шара. Сол тариxтың куәсі болуға барлығыңызды шақырамын»,- деді облыс басшысы.
null

Айта кетелік, көшпелі көрме жобасы 2017 жылдың қарашасында Алматыдан бастау алып, 2018 жылдың ақпан айында Шымкентте өз жұмысын жалғастырды. Екі қалада да жоғары деңгейде өткен көрмені 250 мыңнан астам адам тамашалады. 

Атырау қаласында «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі 2 ай болады. Ш. Сариев мұражайында көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік бар.
null 

Соңғы жаңалықтар