Атырауға 1,5 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегі жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Биылғы жыл басынан бері Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында 1,5 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«СК Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Атыраудағы медицина мекемелеріне 345 түрлі дәрі-дәрмек жіберілген. Осы кезге дейін пациенттер 876 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алған.

«Дәрі-дәрмектер стационарларға, сонымен бірге амбулаториялық қамту мақсатында медициналық мекемелерге диспансерлік есепте тұрғандар үшін рецепт бойынша жеткізілді. Пациенттер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл дәрілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген тегін медициналық көмегі аясында түсті», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар