Атыраудың жаппай карантинге жабылатыны жайлы ақпарат жалған – әкімдік

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қаланың жаппай карантинге жабылатыны туралы ақпарат өтірік болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласының 2 сәуірден бастап жаппай карантинге жабылатыны туралы жаңалықтың скриншоты тарап жатыр. Хабарламада қаладан шығар жолға блокпостар қойылып, 1 сәуірдің түн жарымына дейін қаладан шығып-кіріп алу керектігі жазылған. Хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл - 2020 жылы жарияланған жаңалықтың скриншоты. Қазір қала айналасында блокпостар жоқ, шығу және кіру жолдары ашық» деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен.

Еске сала кетейік, соңғы тәулікте Атырау облысында КВИ-дың 75 жағдайы анықталған.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сай, Атырау облысы – COVID-19-дың таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймақта.


Соңғы жаңалықтар