Атыраудың үш тұрғыны адам ұрлады деген күдікке ілінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың үш тұрғыны адам ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 сәуірде Атыраудың үш тұрғыны Өзбекстан азаматына зорлық көрсетіп, үйінен ұрлап әкеткен. Кейін оның туысынан 300 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Ұсталу кезінде күдіктілерден жәбірленушіге тиесілі ақшалай қаражат пен заттар табылған. Бұдан бөлек, олардан зорлық көрсету заттары - тұтқындағы азаматты ұрған нунчаки, пышақ, зардап шегушілердің бірінен алып қойған «Лада Ларгус» көлігінің кілті тәркіленді», - деп хабарлады Атырау қалалық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасынан.

Ұсталушыларға қатысты адам ұрлау және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүріп жатыр. Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты ұсталушыларды 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасын қолданды.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар