Атыраудың үлкен базарындағы өрт толық сөндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудың ең үлкен базарындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дина» базарының аумағындағы өрт сағат 20:23-те оқшауланды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрт болған жерде облыс әкімінің орынбасары, ТЖД, ПД және қала әкімдігінің басшылары жүр. Өртті сөндіруге ТЖД, Атырау мұнай зауыты, «Қаратабан» ЖШС, «АТМА-әуежайы» құтқарушылары жұмылдырылды. Құрылыс материалдарын сататын 6 бутик отқа оранған», - деп мәлім етті өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

Олардың ақпараты бойынша өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыған. Қолданылған шаралар нәтижесінде сағат 20:58-де базардағы өрт толықтай сөндірілді.


Еске сала кетсек, бүгін сағат 18.48-де Атырау қаласының «101» қызметіне Сатыбалдиев көшесіндегі «Дина» базары өртеніп жатқаны жөнінде қоңырау келіп түскен.

Соңғы жаңалықтар