Атыраудың тұрғыны тергеу изоляторына 4 телефон өткізбек болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғыны тергеу изоляторына қамалған күдіктіге 4 ұялы телефонды өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 желтоқсанда болған. Тергеу изоляторында отырған күдіктіге әкелінген тамақтың арасынан 4 ұялы телефон табылған.

«Бұл телефондар есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін уақытша қамауға алынған күдіктіге арналғаны анықталды. Мекеме қызметкерлері қырағылығық танытып, заңсыз сәлемдеме күдіктінің қолына түскен жоқ. Аталған дерекке қатысты 24 жастағы тұрғын ұсталды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде», - дейді департаменттің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

Оның айтуынша, тергеу изоляторына әкелген сәлемдеменің бәрі «Адани» рентген аппараты арқылы тексеріледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел түрмеге қамалған еді.


Соңғы жаңалықтар