Атыраудың тағы бір парадзюдошысы Паралимпиада жолдамасын иеленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың тағы бір парадзюдошысы Паралимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысынан 7 спортшы Паралимпиадаға баратынын хабарлаған едік.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тағы бір парадзюдошы Паралимпиада жолдамасын ұтып алған.

«Токиода өтетін Паралимпиада лицензиясын тағы бір атыраулық парадзюдошы Ерлан Өтепов еншіледі. 100 келі салмақта белдесетін парадзюдошы – халықаралық сайыстардың жүлдегері. Осылайша, Атыраудан Паралимпиада ойындарына алты дзюдошы жолдама алып отыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар