Атыраудың таеквондошы қыздары халықаралық турнирден 6 алтын медаль алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының таеквондошы қыздары халықаралық турнирден 6 алтын медаль алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, атыраулық таеквондошы қыздар Пәкістанның Исламабад қаласында өткен «2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships» халықаралық турниріне қатысып, командалық есепте бірінші орынға ие болған.

«G-1 деңгейінде өткен жарыста Атырау облысының таеквондошылары 6 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды. Қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, шеберлігімен танылған Айдана Еділбаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Жадыра Хайруллина (62 келіге дейін), Нұрай Хусайнова (67 келіге дейін), Жансель Дениз (73 келіге дейін) мен Айгүл Елубай (73 келіден жоғары) турнир чемпионы атанды. Ақтық сында ұтылған Диана Әбсенова (62 келіге дейін) күміс медальды еншіледі» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Халықаралық турнирдің қорытындысымен таеквондошы Жансель Дениз «үздік спортшы», ал, бапкер Сәуле Сардарова «Үздік жаттықтырушы» аталымында арнайы марапатқа ие болды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар