Атыраудың табиғи резерватында жалындаған от 18 гектарға жетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Ақжайық» табиғи резерватында жалындап жатқан оттың аумағы 18 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 шілде күні, таңғы уақытта Еркінқала ауылының маңындағы «Ақжайық» резерватында қамыс тұтанған болатын. Бүгінгі күні өрт толықтай сөндірілген жоқ. Оттың тұтану қаупі әлі де сақталуда. Өрттің аумағы 15-18 гектар шамасында. Қазіргі таңда «Ақжайық» резерватында жалынмен күрес жалғасуда. Қорық аумағында «Ақжайық» резерватының 30 адамы мен 6 техникасы жұмыс істеуде. Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Атыраудың табиғи резерватында оттың тұтанғанын және оның салдарынан қаланы қою түтін басқанын бұған дейін жазған болатынбыз. 

null

Соңғы жаңалықтар