Атыраудың сол жағалауында үш күн газ болмайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының сол жағалауында үш күн табиғи газ берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8-11 қыркүйек аралығында облыс орталығының сол жағалауы табиғи газдан ажыратылады. Бұл «Атырау» ГТС-1-де жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.

Жайық өзені арқылы өтетін теміржол көпірінен бастап қала маңындағы Дамба ауылына дейінгі аралықта газ болмайды.


Соңғы жаңалықтар