Атыраудың шетінде қалың қамыс жанып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының өнеркәсіптік аймағынан бірнеше ондаған метр қашықта қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалың қамыстың неден тұтанғаны белгісіз. Алайда, 20 м/секунд жылдамдықпен соққан жел өртті өршітіп жіберген. Қара түтін жаңа шағынауданның үстімен өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қамыс өртін тікұшақпен сөндіру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар