Атыраудың Ойыл өзенінде балықтар қырылып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Ойыл өзенінде балықтар жаппай қырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданындағы Ойыл өзенінің жағасында қырылған балықтар бейнеленген видео тараған болатын. Бұл фактіні Атырауда жүрген ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов растады.

«Ойыл өзенінде балықтардың қырылу оқиғасына байланысты мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылған арнайы комиссия су сынамаларын алды. Бұл жағдайды Жайықтағы оқиғамен байланыстыруға болмайды. Бұл теңіз бен Жайық өзенінен тым шалғай орналасқан. Шамамен, балықтардың қырылуы судағы ауаның жетіспеуімен байланысты. Бұл қайтарымсыз биологиялық процесс, ол бұрын да болған. Өзен балық аулау маңызына ие емес және жағдай Қазақстан Республикасының балық ресурстарына зиян келтірді деп айта алмаймыз. Төтенше жағдайдың салдары анықталады», - деді Нариман Жүнісов.

Соңғы жаңалықтар