Атыраудың орталығында гүл сататын дүкен түгі қалмай жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың тап орталығында орналасқан гүл сататын дүкен түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкеннің өртенген аумағы 90 шаршы метрді құраған. Ол түгі қалмай өртеніп кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себеп-салдарын, сондай-ақ шығын көлемін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, соңғы тәуліктерде өңірде аптап ыстық болып тұр.




Автор: Андрей Соколов

Соңғы жаңалықтар