Атыраудың облыстық драма театры академиялық атақ алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 80 жылдық тариxы бар облыстық театрға академиялық атақ берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы облыс әкімдігінен драма театрға академиялық атақ беру жөнінде Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс тасталған болатын.  Бүгінде сол ұсыныс қаралып, оң шешімін тапты. Өнерге қолдау, екпін келмей дамымайтынын алға тартқан театр директоры Берік Жаменов  облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

«Соңғы екі жыл ішінде театр үлкен белестерге жетті. Шетелге гастрольдік сапарларға шығып, бірқатар шақыртулар алды. Өткен жылы 25-ші рет өткен республикалық театр фестивалінде бірінші орынға ие болды. Осы еңбек еленіп, бүгінде облыс әкімінің тікелей қолдауымен академиялық атақ алып отырмыз. Бұл бастаманы Қазақстан театрлар қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімовтің өзі қолдады. Осының барлығы театр қызметкерлерінің еңбегі», - дейді Берік Жаменов. 

Айта кету керек, облыстық академиялық драма театр күзге таман өзінің  80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Театр басшылығының мәлімдеуінше, мерейтой қарсаңында ТМД және еліміздегі ірі театр ұжымдарымен бірлесіп фестиваль және танымал әртістер қатысуымен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.

null null null 

Соңғы жаңалықтар