Атыраудың инфекциялық ауруханасында коронавирус жұқтырған 28 науқас жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы №2 облыстық инфекциялық ауруханада 28 науқас ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған аурухананың бөлім меңгерушісі Жантөре Орысбаеваның мәліметінше, №2 облыстық инфекциялық ауруханаға коронавирус инфекциясымен түскен науқастардың 94 проценті жазылып шыққан.

«Пандемия кезінде ауруханаға түскен науқастардың 3,4 проценті өлім жағдайымен аяқталды. Қайғылы жағдайдың орын алуы біріншіден, науқастардың дәрігерге кешігіп хабарласуынан болып отыр. Екіншіден, науқастарда бұрынғы созылмалы ауруы асқынған. Ауруханадан сондай-ақ, короновирус инфекциясымен 30 бала, 134 жүкті әйел емделіп шықты. Төрт әйелге шұғыл ота жасалды. Жүкті әйелдерді қосымша ауруларына байланысты эндокринолог, гематолог, кардиолог секілді арнайы дәрігерлерден онлайн кеңес алу арқылы емдедік» -дейді Жантөре Орысбаева.

Оның айтуынша, қазір №2 облыстық инфекциялық ауруханада 28 науқас ем алуда. Он науқасқа короновирусты пневмонияның анықталған түрі, қалған емделушіге короновирус типті пневмония диагнозы қойылған. Пациенттердің жағдайы тұрақталған. Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделген еді.


Соңғы жаңалықтар