Атыраудың Индер ауданында көпқабатты 20 тұрғын үй салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың Индер ауданында көпқабатты 20 тұрғын үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы тұрғындар алдында онлайн форматта есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті.

Аудан әкімінің айтуынша, Индербор кентінің оңтүстік батыс бөлігіндегі Көктем шағын ауданында 35 га аумақта 20 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Сондай-ақ 4 әлеуметтік нысан бой көтермек.

«Жаңадан салынатын тұрғын үйлерде 1 292 пәтер болады. Қазір 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үйдің, 4 қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен қатар, инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желісі жүргізілуде. Бұған қоса бесқабатты 80 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, келісімшарт жасалды», - дейді Мейірім Қалауи.

Оның айтуына қарағанда, қазір Индер ауданында 13 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде «Көктем» қазақ орта мектебінің 80 орындық жапсаржайы мен инженерлік желісі, Индербор кентіндегі спорт ойын алаңдары, Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені, төрт қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үйге дейінгі су және кәріз желісін салу бар.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 150-ге жуық атыраулық отбасы баспаналы болған еді.


Соңғы жаңалықтар