Атыраудың драма театры мен филармония басшылары алаяқтық фактісімен тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті қазір тергеу жүргізуде.

«Атырау әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, осы басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің басшысы, сондай-ақ «Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры» директоры, «Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониясы» директорына үстінен сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу парақорлық, аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру, сондай-ақ алаяқтық фактілері бойынша жүргізілуде», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
null

Спикердің мәлімдеуінше, сот Бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің басшысына қатысты «үйқамаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар