Jańalyqtar
Атыраудың бас алаңын жер қойнауын пайдаланушылар қалпына келтірмек
2018 жылғы 2 наурыз 00:17
Бөлісіңіз:

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудың басты алаңын осы өңірде жер қойнауын пайдаланумен айналысып жатқан кәсіпорындар өз қаржыларына қалпына келтіріп бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыс орталығында орналасқан Махамбет Өтемісов пен Исатай Тайманов атындағы орталық алаңдағы ауқымды жөндеу жұмыстары биыл басталмақ. Алдын ала дайындалған жоба бойынша, алаңға жаңа архитектуралық композициялар орнатылмақ. Бірнеше субұрқақ салынып, заманға сай отыратын орындар пайда болады. Бассейні және «ән айтатын» субұрқағы бар мрамордан салынған домбыра алаңның басты көркі болады»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
Алаңды қайта қалпына келтіру жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік төлемдерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Сенатор Атырау облысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелерді атады
- Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет ереже бұзған
- Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
- Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
-
Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды
-
Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER