Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының кей аудандарында тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, шаһардағы 8 мөлтекауданда электр қуатынан ажыратылған.

Оған себеп - электр тарату жүйесіндегі жоғары вольтты желіде болған апат.

Жарықтың сөнуі қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған насос стансасына да әсер етті.

Осының салдарынан бүкіл ықшамауданда судың қысымы өте төмен.

«Қазіргі таңда «Атырау Жарық» компаниясының мамандары жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр. Олардың сөзіне қарағанда, электр энергиясы жақын арада қайта беріле бастайды» деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырауда 10 қаңтар күні электр желісінде болған апаттың себебін анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастап кетті.

Сол кезде Атырау және Маңғыстау облыстарында көп аудандар жарықсыз қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар