Атыраудың 4 тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың 4 тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мониторинг жасау кезінде 4 адамның әлеуметтік желіге экстремистік сипаттағы аудио және видеофайлдарды жүктегенін анықтаған.

«Оның екеуі – 29 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни мазмұндағы аудиофайлдар мен фотосуреттерді жариялап келген. Ал, 32 және 23 жастағы қала тұрғындары «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне аудиожазбалармен қатар, қоғамның діни тұтастығын бұзуды мақсат ететін фотосуреттер жариялаған. Бұл Қазақстан аумағында насихаттауға тыйым салынған жазбалар болып шықты», -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Осы деректерге қатысты алғашқы екі адамға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 490-бабы, 1-бөлігінің 3-тармағымен, ал, соңғы екеуіне 453-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдерінің ұсталғаны жайлы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар