Атырауды карантинге жабатыны туралы жалған ақпарат тарады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауды карантинге жабатыны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде «10 желтоқсаннан бастап Атырауды карантинге жабады» деген ақпарат тараған. Атырау облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат негізсіз. 2021 жылғы 8 желтоқсанда Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №24 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысы шықты. Онда Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Жаңа қаулыда Атырау облысының толық карантинге жабылғаны туралы мәлімет көрсетілмеген», - деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Әкімдік жалған ақпарат таратқандарға емес, тек ресми дереккөздерге сенім артуға шақырды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар