Атыраудан Құрманғазы ауданына жолаушылар пойызы жүрді
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау стансасы–Д.Нұрпейісова бекеті» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарын аралап, жолаушыларға сәттілік тіледі.
«Осы пойызды іске қосудағы басты мақсатымыз – жолаушыларға қолайлы жағдай туғызу. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін» - деді Махамбет Досмұхамбетов.
Пойыздың жүруін асыға күткен жолаушының бірі – Раушан Иманбаева.
«Біз бұл пойызды ұзақ күттік. Енді міне, ауылымызға пойызбен жатырмыз. Автокөлікке қарағанда, пойызбен жүру жайлы болады ғой» - дейді Раушан Иманбаева.
Пойыз құрамында 3 вагон бар. Атырау қаласынан жергілікті уақытпен сағат 11: 00 -де, ал, Д.Нұрпейісова стансасынан 18:42-де шығады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыоаудың Құрманғазы ауданына баратын жолаушылар пойызы қашан қатынайтынын жазған едік.