Атыраудан басқа барлық өңірге пойыз билеттері сатылып жатыр
2020 жылғы 15 мамыр 20:14

Атыраудан басқа барлық өңірге пойыз билеттері сатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап жолаушылар пойызының жұмысы кезең-кезеңімен жанданады, билет сатылымы басталған алғашқы күнде 23 мың билет сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 мамырдан бастап теміржол билеттері барлық сатылым каналдарына - билет кассаларына, интернет-ресурстар мен автоматтарға шығарылды. Республика бойынша 179 билет кассасы күндіз жұмысқа шықты. Олардың жұмыс кестесін ресми сайттарынан көруге болады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сатылым департаментінің директоры Алмас Айтбаев.

Қауіпсіздік мақсатында қазақстандықтарға билетті онлайн сатып алу ұсынылған.

«Сағат 14:00-де республика бойынша 23 мың билет сатылды. Пойыз билеттері Атыраудан басқа барлық өңірлерге сатылуда. Өйткені Атырауда карантин шаралары жеңілдеген жоқ. Төтенше жағдайға дейін билет сатумен айналысқан 14 сайттың барлығы жұмыс істеп тұр. Тарифтік саясат та өзгеріссіз қалды», - деді ол.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT