Атыраудан Алматыға 10 мың доза вакцина жеткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға Pfizer вакцинасының 10 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың 1 ақпаны мен 2022 жылғы 5 шілде аралығында коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасы 1 227 967 адамға егілді. Оның ішінде вакцинаның екі компонентін 1,1 млн астам адам алған. Ревакцинациядан 496 723 алматылық өтті.

«5 шілде күні 1 023 алматылық вакцина салдырды. Қазір қалада 96 пункт жұмыс істеп тұр. 340 адамнан тұратын 103 екпе бригадасы бар. Қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін екпе мөлшері жеткілікті . Атыраудан Алматыға тағы 10 мың доза Pfizer вакцинасы жеткізіледі», - деп нақтылады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар