Валюта бағамдары:
    usd/kzt 431.41 eur/kzt 452.94

    rub/kzt 6.92 cny/kzt 63.83
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атыраудағы жол апаты: бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түсті

2022 жылғы 26 қаңтар 13:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1,5 сағатта үш жол-көлік апаты тіркелді. Жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының үшеуі де бүгін, 26 қаңтарда болған.

Таңертеңгі сағат 08:00 шамасында «Toyota Corolla» автокөлігі «Атырау-Еркінқала» тас жолымен келе жатып, «Жұмыскер» шағын ауданының тұсында жолдан тайып кеткен. Сөйтіп, қарсы бағыттағы «Audi A6» автокөлігімен соқтығысқан.

Ал, сағат 08:20 шамасында «Атырау-Дамбы» тас жолының бойында «Lada Priora» маркалы автокөлігі қарсы бағытында келе жатқан «Kia Rio», «ВАЗ – 2112» маркалы автокөліктеріне түйісті.

«Жол-көлік апатының салдарынан «Kia Rio» автокөлігінің жүргізушісі мен «ВАЗ – 2112»

автокөлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, «Lada Priora» автокөлігінің

46 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Үшінші жол-көлік апаты сағат 09:30 шамасында тіркелген. «Toyota Prado» автокөлігінің жүргізушісі «Атырау-Орал» тас жолының бойындағы «Береке» ауылынан асқан тұста алдындағы көлікті басып озуға тырысқан. Тап сол кезде солға бұрылмақ болған «ВАЗ – 2114» автокөлігіне, содан соң жол жиегіндегі электр бағанасына соқтығысқан. Қазір электр желісіне келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді

шарпығанын хабарлаған едік.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар