Атыраудағы жәрмеңкеде 1 тоннаға жуық ет сатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында біркүндік жәрмеңкеде 1 тоннаға жуық ет сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 желтоқсанда «Сарайшық» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Жәрмеңкеде 15 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілер нарықтағы нақты құнынан төмен бағамен ет, сүт, көкөніс және басқа да өнімдерді ұсынды. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 630 келі картоп, 380 келі сәбіз, 400 келі пияз, 130 келі қырыққабат, 900 келі ет сатып алды», - деп мәлім етті Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтағы бағадан арзанға сатылатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар