Атыраудағы зауытта бір бекіреден 22 кг қара уылдырық алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Кеше Атыраудағы «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытында бекіреден жасанды жолмен 22 кг қара уылдырық алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, қара уылдырық алынған бекіренің салмағы –148 кг. Оны балықшылар 1 наурызда Жайық өзенінен аулаған.

«Жасанды жолмен алынған қара уылдырық «Осетр» аппаратына салынды. Кейін бассейнде, сонан соң тоғанда жетіледі. Бекіре шабақтарын шілде-тамыз айларында Жайық өзеніне, яғни табиғи ортаға жіберу көзделуде. Ал, бекіре балығы жақын арада Каспий теңізіне жіберіледі» -деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытына бекіре тұқымдас балықтардың 57 данасы ауланды. Биыл табиғи ортаға бағалы балықтардың 75 млн шабағын, соның ішінде бекіренің 7 млн шабағын жіберу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар