Атыраудағы ҮЕҰ өз қызметі туралы ақпаратты әкімдікке беруі керек

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қалалық әкімдігі Үкіметтік емес ұйымдарға хабарландыру жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақсан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында есепті жылдағы өз қызметі туралы мәліметтерді тапсыру қажеттілігі туралы хабарлайды.

Үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.gov.kz веб-порталына енгізуге (электронды цифрлы қолтаңба болуы керек) немесе қолма-қол және пошта арқылы мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 489-1 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес жауапкершілік көзделгендігі ескертіледі.

«Осыған орай, жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында ұйымыңыздың есепті жылдағы қызметі, оның ішінде өзінің құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттаты туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға тапсыру қажеттілігін ескерте отырып, жауапкершілікпен қарауыңыз сұралады. Аталған ақпарат бойынша қосымша сұрақтар болған жағдайда «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне хабарласуыңызға болады. Байланыс телефондары: +7 778 663 92 63, 76-38-46, 76-38-47», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар