Атыраудағы Теңіз кен орнында «сары» түтін будақтады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кенішінде «сары» түтін будақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде видео тарады. Онда кен орнындағы кешенді технологиялық қондырғылардың бірінен «сары» түтін будақтап жатқаны түсірілген.

Жергілікті «Ақжайық» басылымының хабарлауынша, «Теңізшевройл» ЖШС бұл оқиғаны растаған. Кеше, 19 сәуірде кешенді технологиялық қондырғылардың бірінде қысымның жоғарылауынан артық газ түтін мұржасынан шыққан.

Өндіріс орнындағы жедел емес персонал қауіпсіздік техникасына сәйкес эвакуацияланған. Кейін жағдай тұрақталып, қызметкерлер жұмысына оралған.

Қазір оқиғаның неден болғаны анықталып жатыр.





Соңғы жаңалықтар