Атыраудағы сыраханада атыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы сыраханалардың біріне келуші керісіп қалған соң күзетшіні бірнеше жерден атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ІІД ЖБО кезекшісіне түнде сырахананың бірінде келуші мен күзетші төбелесіп жатқаны жөнінде қоңырау шалынды. Телефоннан атыс шығып жатқаны естіліп тұрған. Оқыс оқиға орнына жеткен полиция жасағы 29 жастағы келуші мен 24 жастағы күзетші екеуінің арасында кикілжің болып, арты төбелеске ұласқанын анықтады. Жанажал барысында келуші күзетшіні бірнеше атып, қашып кеткен», - деп хабарлайды өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметі. 

Жарақат алған күзетші облыстық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнынан резеңке оқ табылды, ол сот-балистикалық сараптаға жолданды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шарасы қолға алынуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар