USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атыраудағы шаңды дауыл: Төтенше жағдай бақылауға алынды

2021 жылғы 15 қаңтар 01:01
Бөлісіңіз:
Атыраудағы шаңды дауыл: Төтенше жағдай бақылауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда желдің күшеюінен туындаған жағдай бақылауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды 27 қаңтарда ел аумағында күн райы құбылмалы болады Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың төрағалығымен күшті желге байланысты құзырлы сала басшыларының қатысуымен шұғыл жиын өтті.

Жиында төтенше жағдайлар департаменті, «Казгидромет» РМК филиалы, облыстық білім, құрылыс, сәулет-құрылыс, қаржы басқармаларының басшылары мен селекторлық бағытта аудан әкімдері қазіргі ахуал туралы баяндады.

«Қазір өңірде желдің екпіні күшейіп тұр. Тұрғындардың қауіпсіздігіне баса мән беру керек. Балалардың қауіпсіздігі үшін мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді. Ал, балабақшалар тәрбиеленушілерді уақытша қабылдамайды. Жауапты салалар әсіресе, өмірлік маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін күшейтіп, сақтық шараларын жандандыруы керек»,- деді Қайрат Бекенов.

Облыс әкімінің орынбасары тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.

Оның айтуынша, бүлінген ғимараттар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. Мақат ауданындағы екі мектептің шатыры жөнделіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қатты жел тұрғын үйлер мен мектептердің шатырын ұшырғанын, шаһарда шаңды дауыл соғып тұрғанын хабарлап едік.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT