+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Атыраудағы перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кетіп жатыр

2019 жылғы 7 қазан 19:14
Бөлісіңіз:
Атыраудағы перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кетіп жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы перинаталдық орталықта жұмыс істейтін 31 медицина қызметкері кеткелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Перзентхана дәрігерлері болған оқиғаға қарамастан жұмысын жалғастыруы тиіс - депутат Нәресте өлімі: Вице-министр бастаған дәрігерлер тобы Атырауға келді

«Қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазған. Олармен денсаулық сақтау басқармасы, министрлік және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Қызметкерлер өз орнында жұмысын жалғастыруда. Біз дәрігерлермен диалог орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Олардың әрқайсысы – күн сайын адам өмірі үшін күресіп жүрген білікті қызметкерлер», - деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Серікжан Ерментаев.

Еске сала кетейік, өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Сенбі күні Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Автор: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT