+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Атыраудағы перинаталдық орталыққа қатысты іс әлі тергеліп жатыр

2020 жылғы 13 ақпан 12:21
Бөлісіңіз:
Атыраудағы перинаталдық орталыққа қатысты іс әлі тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атыраудағы сәби өлімі туралы атышулы оқиғаның жаңа фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Степногорда түрме қызметкері 400 мың теңге пара алғаны үшін сотталды Агенттік әскерилердің бюджет қаражатын жымқыру схемасын айтты Қай өңірдің полицейлері жемқорлыққа бейім – Агенттік есебі

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

«Атыраудағы перинаталды орталықтың басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс әлі тергеуде жатыр. Қосымша фактілер мен эпизодтар пайда болды. Қазіргі уақытта біз оқиғаның қалай болғанын толыққанды материал етіп әзірлеп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің денсаулық сақтау саласына қалай әсер ететіні, өлім-жітім оқиғалары туралы айтылады. Келесі аптада егжей-тегжейлі баяндаймыз», - деді Д. Бекайдаров агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны белгілі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT