+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Атыраудағы орталық көпір қайта ашылады

2020 жылғы 22 қаңтар 02:08
Бөлісіңіз:
Атыраудағы орталық көпір қайта ашылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тіреуі жылжып кетуіне байланысты 10 қаңтардан бері жабық тұрған Орталық көпір қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 00:00-де Орталық көпірдегі көлік қозғалысы қайта жанданады. Қаланың коммуналдық саласына жауапты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен полиция департаменті жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылауда ұстайды», - деп мәлім етті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жанглишев.

Орталық көпірді тексеріп шыққан мамандардың қорытындысына сенсек, көпір ашылғанға дейін 3.4, 3.11, 3.24 белгілерін орнату керек, сондай-ақ, көпірде кептеліс туындауына жол бермей, жүк көлігінің жүруіне тыйым салу қажет. Одан бөлек, мамандар көпірдегі жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау қажеттігін айтқан. Жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік бұрынғыдай өз бағдары бойынша жүре береді.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Атыраудағы Орталық көпірде көлік қозғалысына тыйым салынып, жабылған болатын. Тексеру барысында орталық көпір арқылы өтетін диаметрі 426 мм жылу желілері тірегінің қозғалғаны анықталды.

Атыраудың орталық көпірі 1965 жылы салынған. Күрделі жөндеуден соңғы рет 20 жыл бұрын өткен. 2016 жылы жүргізілген техникалық тексеру көпірдің тіреуіштері ескіріп, жөндеуге мұқтаж екенін анықтаған болатын. Бүгінде жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT