Атыраудағы NIS кіші жобалық кеңсесі Түркияда таныстырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірегей тәжірибесі Түркияда таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Бұл туралы Атырау облысы «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркиядағы Анкара және Конья қалаларында өткен сапарында белгілі болды.

2018 жылдан бастап Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көзделген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі жұмыс жасап келеді. Жобалық кеңсе аймақтағы білім беру ұйымдарына жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде әдістемелік және әдіснамалық қолдауды көрсетуге бағытталған.

Қазақстандық делегация Хажы Байрам атындағы университетте «Түркі тілдес халықтарының тілдері» факультетіндегі студенттермен және оқытушылармен кездесті. Әсіресе түрік тарабы мектептегі «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесінің жұмысы қызықтырды.

Қазақстаннан әкелінген кәдесыйлар арасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Сандуғаш Мырзағалидің тоқыған кілемі түрік жұртын тамсандырды.

«Алғаш рет бұл университетте Қазақстанның мәдени мұрасына арналған бұрыштың пайда болатыны бізді қуантып отыр», – деді аймақтық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Орынтай Биманова.

Айта кетелік, сапар соңында түрік өкілдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Түркияда таратуға қызығушылық білдіргенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар