Атыраудағы музей қорын салмағы 27 келі болатын мамонт сүйегі толықтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы мұражай қорын мамонт сүйегі толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индер ауданындағы Жайық өзенінің жағасынан мамонттың жамбас сүйегі табылған. Ол өте жақсы сақталған. Сүйектің салмағы – 27 килограмм, ұзындығы - бір метрден асады. Бұл мұражайдың палеонтология бөліміндегі миллиондаған жылдар бойы сақталған жалғыз экспонат емес. Мұнда миллион жыл бұрын Каспий маңын мекендеген ежелгі бұғылар, зубр, бизон мен динозавлардың сүйегі бар, дегенмен табылған зат мұражай үшін аса бағалы. Мұражай қорында мамонт сүйектері жеткілікті, бірақ жамбас сүйек болмаған. Сондықтан біз миллион жыл бұрын өмір сүрген тарихқа дейінгі жануардың қаңқасын қайта жасауды жоспарлап отырмыз», - деді Атырау тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова.


Соңғы жаңалықтар