+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Атыраудағы Мұқыр ауылының балалары тотықұс пен тасбақа, балық өсіреді

2020 жылғы 4 желтоқсан 22:45
Бөлісіңіз:
Атыраудағы Мұқыр ауылының балалары тотықұс пен тасбақа, балық өсіреді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қызылқоға ауданындағы Мұқыр орта мектебінің оқушылары ботаникалық бақта тотықұс пен тасбақа, балықтың бірнеше түрін өсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады Ақмола облысында үш ауысымда оқыту мәселесі біртіндеп шешілуде Қазақстанда мақта өңдеу ұйымдарының қызметін лицензиялау алынып тасталады

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа қарағанда, Мұқыр ауылының мектебіндегі ботаникалық бақ бір жыл бұрын ашылған. Білім ордасының фойесіндегі бақты күту-баптау ісіне оқушылар жұмылдырылған.

«Мектептегі ботаникалық бақ оқушылардың табиғатты сүюіне ықпал етеді. Сол себептен, мұнда түрлі гүлдер мен тотықұс, тасбақа, бірнеше балық өсіріліп жатыр. Тотықұс пен тасбақаны, балықтарды қоректендіру, суын ауыстыру, өсімдіктерді баптау 6-7, 8-9 сынып оқушыларына жүктелгеніп отыр. Оқушылар бұл іспен тәжірибелік тұрғыда айналысумен шектелмей, ғылыми жобаларды қорғауға дайындалады. Біздің мақсатымыз – балаларды жастайынан қоршаған ортаны қорғауға баулу» - дейді Мұқыр орта мектебінің директоры Венера Мырзағалиева.


Мектептегі «Жас натуралистер» үйірмесінің жетекшісі, биолог Мейрамгүл Медининаның айтуынша, оқушылар тірі табиғатты күтумен бірге, зерттеу жобаларын қоса жүргізеді.

«Үйірмеде 11-14 жас аралығындағы оқушылар төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз міндеті бар. Мәселен, оқушыларымыз Нұрай​ Сисенбай мен Салтанат Жұмабай республикалық деңгейде өткен «Табиғатты аяла» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, «Жасыл оазистер» аталымында бірінші​ орынды жеңіп алды. Олар сайыстың республикалық кезеңінде үшінші орынды иеленді. Қазір тағы бір оқушы Елена Беркінғали «Қызыл құлақты тасбақалардың тіршілігі» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын​ дайындап жатыр» дейді Мейрамгүл Мединина.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ауыл мектебінің оқушылары робот, дрон құрастырып жатқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT