Атыраудағы моншада құмар ойынын ұйымдастырғандар ұсталды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда моншада заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастыру фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ойыншылар 50 000 тенге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару және ойыншаларды қызықтыру үшін қарызға ойнауға мүмкіндігін берген. Бұдан басқа, жалдамалы пәтерде де «покер» ойынын ұйымдастырыру қылмыстық әрекеті әшкереленді.

Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.


Соңғы жаңалықтар