Атыраудағы модульдік ауруханада 88 нәресте дүниеге келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы модульдік ауруханада 88 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел мен жаңа туған 7нәресте жатыр.

«Биылғы наурыздан бері ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден алынған коронавирус инфекциясына қарсы ПТР-тест теріс нәтиже берді. Алайда, жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан, өмірге сәби әкелуді жоспарлап жүрген немесе жүкті әйелдерге өздерін қауіпті инфекциядан барынша қорғауға шақырамын», - дейді №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджанов.

Оның айтуынша, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 195 науқас ем қабылдауда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда модульдік ауруханада шу шығарған науқас үйіне жіберілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар