Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Атыраудағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды

2019 жылғы 30 наурыз 16:12 1400
Бөлісіңіз:
Атыраудағы мектеп-интернат басшылығына қатысты қызметтік тергеу басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тілінде ақауы  бар балаларға арналған мектеп-интернатта бұрын Атырау облыстық прокурорларының ұстаздар тарапынан кұш көрсету фактілері анықталған еді. Осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың тапсырмасымен мектеп-интернат басшылығының тарапынан балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайына байланысты тексеру жүргізетін комиссия құрылды. Енді қажет болған жағдайда  қылмыстық қудалау, оның ішінде жұмыстан босату туралы шешім қабылданады.

«Қазір прокуратура балаларға кұш қолданған  тәрбиешілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл жабайылық  және біз бұған тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен мектеп-интернаттардың басшылығын тексерген жөн, бұл өз қызметтеріне салғырт қарау. Барлығын тексеріп, қатаң жазалау керек»,- деп тапсырды Серік Шапкенов комиссия жиынында.

Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары мүмкіндігі шектеулі балаларды қадағалайтын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы басшысының орынбасарына «сөгіс» жариялауды тапсырды.

«Комиссия құрамына қоғам белсенділері кіреді, осы комиссияға кез келген мекемені кез келген уақытта қадағалап, тексеру құқығы берілуі тиіс. Ерекше балаларды оқытуды жеке қадағалаған жөн. Сондай-ақ, барлық мектеп-интернат сыныптарында ғаламторға қосылып, ата-аналардың, қоғам белсенділері мен тексеруші органға бақылауға мүмкіндік жасалады»,- дейді Шапкенов.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT