Атыраудағы «Мақат-Доссор» жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысындағы «Мақат-Доссор» жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары жол төсемінің 17 шақырымында жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Мақат-Доссор» жолын қалпына келтіру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші - ҚР Автокөлік жолдары комитеті. «Ақтөбе-Атырау» автокөлік жолының 487-504 шақырымында орналасқан учаскедегі жөндеу жұмыстары Азия Даму Банкі қаржыландырады. Жол құрылыстарына жалпы сомасы 3,3 млрд теңге бөлінеді, соның ішінде 2018 жылғы қалпына келтіруге 2,5 млрд теңге қарастырылады.

«Қазір жұмысшылар ескі асфальт төсемін алып, жаңасын салуға дайындап жатыр. Учаскені қалпына келтіруге 47 адам жұмылдырылды», - дейді «Атыраужолзертханасы» РММ құрылыс жұмыстары жөніндегі инженері Нұрлан Жантөрин.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар