Атыраудағы лаңкестік тарихы 2005 жылдан басталады

None
None
ЫРАУ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда қыркүйек айында жойылған экстремистік топ, сонымен қатар 31 қазандағы жарылыстар мен қылмыскер сыбайластарының тұтқындалуы аймақта анықталған алғашқы лаңкестер емес.

Жергілікті БАҚ Атыраудағы алғашқы лаңкес 2005 жылы қалалық әкімдіктің ғимаратын жармақшы болған Шымкент қаласының тумасы Андрей Миронов болғандығын еске салады. Атырауға келгенге дейін ол өз жерінде ислам дінін қабылдап, есімін өзгерткен. Атырауда ол қалалық әкімдікке электр маманы болып жұмысқа орналасты. Кейін анықталғандай, бұл істердің жалғыз-ақ мақсаты - ғимаратты жару болған. Қиратулар көп болып, өрт аумағы алаңын ұлғайту үшін оған әкімдік ғимаратының орналасуын зерттеуге тура келді.

Жолы болмай қалған лаңкес әкімдікті жаруға дайындық үстінде қамауға алынды. Құқық қорғау органдары хабарлағандай, соттан кейін тұтқындалған азаматтан жарылыс құралдарының элементтері, әкімдік бөлмелерінің орналасу сызбасы, көптеген кабинет кілттерінің көшірмелері табылды.

А.Мироновтың соты баспасөз қатысуынсыз өтті. Бұл іс көпшілікке аса жария етілген жоқ. Қалалық сот А.Мироновты оқ-дәрілер, жарылыс заттары мен құралдарын заңсыз алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Шымкент тұрғынының лаңкестік әрекетті жүзеге асыру үшін неліктен Атырауға келгенін, бұның артында кім тұрғанын құқық қорғау органдары айтқан жоқ. Жолы болмай қалған лаңкес пен қыркүйек айында жойылған қылмыстық топ және 31 қазан күні Атырауда екі жарылысты ұйымдастырған лаңкес жақтастарының арасындағы байланыстың болу-болмауы жөнінде тергеу жүргізілді ме, ол жағы мәлім емес.

Соңғы жаңалықтар