Атыраудағы көпқабатты үйде болған өрттің мән-жайы анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы бес қабатты үйде болған өртте құтқарылған 10 адамның жетеуі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпаратына сәйкес, 20 шілде күні сағат 17.44-та Атырау қаласындағы Ж.Молдағалиев көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде, 15 шаршы метр аумақта өрт болды.

«Өрт сөндірушілер көрші пәтерлердің тұрғындарын - 10 адамды баспалдақтың көмегімен құтқарды. Оның 7-еуі - балалар.  Өрт сағат 19.17-те  ауыздықталып, тілсіз жау 19.23-те толық сөндірілді. Пәтердегі тұрмыстық заттардың барлығы өртеніп кеткен», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз орталығының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, өрт сөндіру және тұрғындарды құтқару жұмыстары кезінде 11 өрт сөндіруші және 4 арнайы мамандандырылған өртке қарсы техника жұмылдырылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар